Шығыстану факультетінде халықаралық форум өтті

10.03.2015

Көрулер: 2970

6 наурыз күні Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультетінің Қиыр Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы аталмыш кафедраның жапонтану бөлімінің студенттері мен Жапонияның Цукуба университеті студенттерінің арасында «Сен тілді қалай үйреніп жүрсің?» атты халықаралық студенттік форум өткізді.

Жапондық студенттер Цукуба университетінде орыс тілін оқиды, мұнда олар ҚазҰУ-дың ЖОО-ға дейінгі дайындық факультетінде орыс тілінің 3 апталық курсынан өтуге, сонымен қатар университеттің магистратура бөлімінің оқу жоспарымен танысуға келген.

Форумның басты мақсаты «Campus in Campus» жобасы аясындағы серіктес екі университет студенттерінің өзара тығыз қарым-қатынасын орнату болып табылады. Форумда студенттердің шет тілін меңгеру жолдары жайлы өзара тәжірибе алмасуы межеге алынған.

Форумды шығыстану факультетінің деканы профессор Б.Н.Жұбатова құттықтау сөз сөйлеп ашып, оны Қиыр Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының меңгерушісі Н.Б.Ем жалғастырды.

Форум барысында студенттер жапон және орыс тілдерінде презентациялар көрсетіп, қызықты дисскуссиялар ұйымдастырып, өздерінің тіл үйренудегі тәжірибелерін ортаға салды. Форумды Қиыр Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының аға оқытушысы, Цукуба университетінің өкілі Т. Ниномия қорытындылады. Форум соңында жапонтану бөлімі студенттерінің қонақтарға арналған ән-би шашуы болды.

Қиыр Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы