Түркі тілді елдердегі көркем білім беру

25.09.2014

Көрулер: 1517

Философия кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының докторы, профессор Нұрышева Г.Ж. 2014 жылдың 25-26 қыркүйегінде Түркияның Эрзинджар университетінде өткен «Түркітілді елдердегі көркем білім беру» Халықаралық сипозиумына қатысты. Оның «Қазақтың рухани мәдениетінің вербалды-дискурстік және философиялық мазмұны» тақырыбына жасаған баяндамасы симпозиумға қатысушылардың жылы лебізіне ие болды және сертификатпен марапатталды.