ҚазҰУ-да “Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төраға болу перспективасы ” атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

26.11.2009

Көрулер: 3129

26 қарашада әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың халықаралық қатынастар факультеті мен ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты Астандағы ЕҚЫҰ Орталығымен бірлесе отырып, "Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төраға болу перспективалары" атты ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізді. Аталмыш конференция үш жылға арналған «2010 жыл: Қазақстан Республикасы - ЕҚЫҰ-ның Төрағасы» атты жоба аясында ұйымдастырылды.

1975 жылғы Хельсинки Қорытынды Актісінде тұжырымдалған мемлекетаралық қатынастардың қағидаттарын қорғау мәселелері, сондай-ақ әскери-саяси, экономикалық және экологиялық қауіпсіздік пен адам құқықтарын қорғау проблемалары бүгінде ЕҚЫҰ-ға мүше-мемлекеттерінің күштерін жұмылдыруды талап етеді. Қатысушылардың пайымдауынша осы мәселелерді сараптаудың маңыздылығы 2010 жылы Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуіне бірден-бір себеп.

Конференцияға Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының басқарма орынбасары Жаннет Клетцер, Гамбург қаласындағы ЕҚЫҰ Зерттеу орталығының жетекші маманы Анна Крекемайер, ҚР ПРезиденті жанындағы ҚСЗИ директоры Болат Сұлтанов, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Еуропалық ақпарарттар орталығының директоры Құралай Байзақова, ҚР СІМ және мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері, отандық және шетелдік сарапшылар қатысты.

Аталған мәселелер бойынша беделді ғалымдар мен сарапшылардың пікірлері 2010 жылы Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету бағдарламасын дайындауда маңызды.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі