Өз денсаулығымыз – өз қолымызда!

22.11.2014

Көрулер: 1515

23 қараша күні жалпы және этникалық педагогика кафедрасы «Медеу» тау шаңғысы кешенінде таза ауа, ашық аспанда серуендеуге салауатты өмір салтын ұстанушыларды шақырды. Демалыс күні таңғы ұйқысы мен жылы төсегін қиып, барлығы бірдей саяхатқа шыға алмады.

Дегенмен де, денсаулық пен жақсы көңіл-күйді таңдаушылар өз шешімдеріне өкінбеді! Біздің ыстық шәй мен дәмді бәліштерден, қарақат тосабынан, сүзбе мен жүзімнен бас тартқандар осы саяхатты ұзаққа дейін естерінде ұстасын!

Жалпы және этникалық педагогика

кафедрасының профессоры Пузикова С.М.