Үндістанның қорғаныс сұрақтары бойынша аттташесі ҚазҰУ-да қонақта болды

17.02.2015

Көрулер: 2403

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ –дың әскери кафедрасына Үндістан елшілігінің қорғаныс сұрақтары бойынша атташесі полковник Л.С. Лиддер келді.

Қонақ әскери кафедраның оқу-материалдық базасы: оқу аудиториялары мен компьютерлік кластар, кітапханалар, интерективті көздеу нысандары, мотоатқыштар оқу-жатттықтырушы және әуе шабуылына қарсы қорғаныс полигондарымен танысты. Сонымен қатар ҚазҰУ-дың профессорлық-оқытушы құраммен және әскери кафедрасында білім алатын студенттермен кездесу өткізілді.

Кездесуді ашқан әскери кафедра басшысы, запастағы полковник Ерназар Ишанов: «ҚазҰУ-дың әскери кафедрасы Қазақстан ЖОО-ның ішіндегі ең көне әскери кафедралардың бірі. 80 – жылдық тарихында мемлекетіміздің жұмылдыру қорын құрушы мыңдаған запастағы офицерлерді дайындап шығарды», - деді.

Бүгінгі таңда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетің әскери кафедрасы жеті әскери-есеп мамандықтары бойынша запастағы офицерлерді дайындайды. Бұл офицерлер мотоатқыштар бөлімшелерінің командирлері, әскери аудармашылар, әскери заңгерлер, тәрбие құрылымдарының офицерлері, Құрлық әскерлерінің әуе шабуылына қарсы қорғаныс офицерлері. Әскери кафедраның оқытушы-профессорлық құраммен, оқу-материалдық базамен жасақталуы пәндердің жоғарғы әдістемелік деңгейде өтуіне мүмкіндік береді.

Әскери кафедраның жетекшісі бұл кездесу қос елдің әскери білім саласында нәтижелі әріптестік болатынына сенім білдірді. «Қазақстан Республикасы егеменді мемлекет ретінде барлық әлем елдерімен өз сыйластық саясатын құруда. Бұл саясат мемлекетіміздің қорғаныс қабілеті және қауіпсіздігі сияқты маңызды салаларына да қатысты», - деді.

Өз сөзінде полковник Л.С. Лиддер әскери кафедраның оқу үдерісінің ұйымдастырылуы, оқу-материалдық базасының деңгейі үлкен әсер қалдырғанын айтты. Әскери кафедра сабақтарының тәжірибелік бағытының ерекше әсер қалдырғанын атап өтті. «ҚазҰУ әскери кафедрасының Қазақстанның ЖОО әскери кафедралары арасындағы ең үздігі», - деген пікірін айтты. Полковник Л.С. Лиддер студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, әскери кафедра ұжымына жақсы ресми қабылдау өткізгені үшін алғыс айтып, университет басшылығына терең ризашылығын білдірді.

Кездесу нәтижесін ҚазҰУ-дың бірінші проректоры профессор М.М. Бүркітбаев қорытындылап, Үндістанның Қазақстан Республикасындағы елшілігінің қорғаныс сұрақтары бойынша атташесі полковник Л.С. Лиддерге әскери кафедрамызға берген жоғарғы бағасы үшін алғыс айтып, қос мемлекет арасындағы студенттер мен оқытушы-профессор құрамдарының тәжірибе алмасу ұсынысына ризашылығын білдірді.

ҚазҰУ-дың әскери кафедрасы