"Innovations in Education and Science"

20.11.2014

Көрулер: 1164

20.11.2014, сағ.14.00-де гуманитарлық факультеттерге арналған шет тілдер кафедрасының оқытушылары ф.ғ.к., доц. Окушева Г.Т., аға оқытушы Жанадилова З.М. “Innovations in Education and Science” тақырыбына конференция ұйымдастырды. Магистранттар арасында өтетін конференцияға Заң факультеті, ЭжБЖМ және шығыстану факультеттерінің 1жылдық магистранттарынан 14 баяндама келіп түсті. Кафедра оқытушылары Г.Б.Хошаева (2), Г.Т.Окушева (2), З.М.Жанадилова (2), Г.К.Атабаева (2), Л.М. Махажанова (1), Г.Б.Алмабаеваның (1) магистранттары презентация баяндамаларын талқылады.

Конференция барысында білім жүйесі барысындағы жаңашылдық, Университеттердің оқу үдерісіндегі жетістіктер, студенттің университеттегі орны мен маңызы, студент пен оқытушы арасындағы байланыс т.б. мәселелер қарастырылды. Магистранттар әр-бір баяндаманы қызу талқылап, көптеген сұрақтар қойды және бұдан әрі де осы сияқты маңызды конференцияларға қатысуға үлкен ықылас білдірді. Конференцияға кафедра меңгерушісі ф.ғ.к., доцент Айсултанова К.А. және филология факультетінің аға эдвайзері Бектурова Э.К. қатысты. Конференция «Айналаңды нурландыр» жобасы айналасында өткізілді.