ҚазҰУ-да дәстүрлі «Әл-Фараби» республикалық олимпиадасы басталды

12.02.2015

Көрулер: 2444

ҚазҰУ базасында Қазақстан Республикасының білім беру мекемелерінің 11-сынып оқушыларына арналған "Әл-Фараби" республикалық олимпиадасы басталды.


Олимпиаданың басты мақсаты оқушылардың шығармашылық қабiлеттерін арттыру, бiлiмдерін насихаттау және зерек оқушыларды қолдау болып табылады.

Бірінші және екінші кезең – іріктеу кезеңдері, қашықтан білім беру технологиясы бойынша on-line түрінде жүргізіледі. Үшінші қорытынды кезең оқушылардың тікелей қатысуымен ҚазҰУ-да өткізіледі.

Биылғы олимпиадаға қатысушы оқушылардың саны 7000-нан асып отыр.

Олимпиада қорытындысы бойынша ҚР Білім және ғылым министрлігінің I, II, III дәрежелі дипломымен марапатталған жеңімпаздар таңдаған мамандығы олимпиада пәніне сәйкес болған жағдайда білім беру гранты байқауында айрықша құқыққа ие болады.

Академиялық мәселелер жөніндегі департамент