ҚазҰУ экскурсоводтары шолу экскурсиясын өткізді

07.02.2015

Көрулер: 1833

Алматы қаласы әкімдігі туризм басқармасы мен ҚазҰУ-дың рекреациялық география және туризм кафедрасының бірлескен ЭКСПО-2017 және 2017 жылғы Универсиадада қызмет көрсетуге мамандандырылған гид-экскурсаводтарды дайындау жобасы өзінің жемістерін бере бастады.


Жоба түлектерімен университет пен қала қонақтарына бірнеше экскурсия өткізілді. Халықаралық спорттық жобалардың кеңесі мен әкімдік туризм басқармасының келісімі бойынша, оқытушылар мен студенттерден құралған экскурсоводтар спорттың қысқы түрлері бойынша әлем Чемпионатының спортшылары мен бапкерлеріне «Кешкі Алматы» экскурсиясын өткізді. Бұл экскурсия келешектегі Универсиадаға қорытынды дайындық болып есептеледі. 2,5- сағаттық экскурсия кезінде 37 елдің өкілдері қаланың орталығымен танысып, «Көк төбеден» түңгі Алматыны тамашалады.

Ұйымдастырушылар мен қатысушылар ҚазҰУ-дың экскурсоводтар тобының жоғары мамандандырылғанын және жақсы ұйымдастырылғанын атап өтті.

Рекреациялық география және туризм кафедрасы