ҚазҰУ студенттері саламатты дене мәдениеті туралы талқылады

27.01.2015

Көрулер: 2440

Халықаралық қатынастар факультетінде «Саламатты дене мәдениеті» жобасы аясында қалалық студенттік емханасының бөлімшелік дәрігері Кокталов Аскат Кенжебекұлымен кездесу өтті.

Дәрігер «қызылша ауруы және оның таралу жолдары» атты тақырыпта лекция оқыды. Қызылша ауруы ауа арқылы тарайтындықтан өте қауіпті ауру екендігін айтты. Сондықтан бөлмелерді таза ұстап, әлсін-әлсін желдетіп отыру керектігін ескертті. Бұл ауруды ер адамдарға қарағанда әйелдер жеңіл көтереді екен. Кездесу барысында студенттер тарапынан өздерін толғандырып жүрген сұрақтар қойылып, студенттер маңызды мағлұматтар алды. Кездесуге қатысқан деканның оқу және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары А.И.Дәркенбаев және факультеттің аға куратор-ұйымдастырушысы Г.У.Ахметалиева да сұрақ қойып, ата-аналарынан алыста жүрген шәкірттерінің денсаулықтарына да көңіл бөлетіндіктерін танытты. Осындай сипаттағы кездесулер жиі ұйымдастырылып тұруы студенттерге оңтайлы әсерін тигізері сөзсіз.