ПРЕСС-РЕЛИЗ. «Hindi day» халықаралық Дөңгелек столы.

27.01.2015

Көрулер: 3236

Дөңгелек столды ұйымдастырушылар: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, шығыстану факультетінің түркітану және үндітану кафедрасы, Үндістан Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшілігі

28 қаңтар 2015 ж.

Дөңгелек столдың ашылуы

Дөңгелек столдың модераторы: шығыстану факультетінің деканы, филология ғылымының докторы Б.Н. Жұбатова

11.00 . – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті шығыстану факультетінің деканы, филология ғылымының докторы Баян Нұрсұлтанқызы Жұбатованың құттықтау сөзі

11.10. – Үндістан Республикасының Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Харш Кумар Джайн мырзаның құттықтау сөзі

11.20 – 11.50 – Үнді бөлімінің студенттерінің баяндамалары:

Тақырыптары:

«Хинди және урду тілдерінің тарихы»,

«Үндістандағы Республика күнінің тойлануы»

11.50 – 12.30 - Студенттердің концерттік бағдарламасы

Кофе-брейк

Үндістанның премьер-министрі Манмохан Синхтың үкімі бойынша «Халықаралық хинди күні» 10 қаңтар күні жыл сайын тойланады. 1975 ж. алғашқы хинди күніне арналған халықаралық конференция Раштра Бхаша Прачар Самити, Варда ұйымдарының бастамасымен өткен, негізгі мақсаты - Үндістанның мемлекеттік тілі хинди тілінің танымалдығын арттыру, әлемге тарату.

Өтетін орны: 050040, Алматы қ, Қарасай батыр көшесі 95а, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті шығыстану факультеті (Халықаралық қатынастар және шығыстану факультетінің оқу корпусы)

«Ғылыми кеңестің мәжіліс залы» 503 каб.

Жауапты ұйымдастырушылар: Досова С.Н., Исмагулова С.А., Бокулева Б.С. symbatisa@mail.ru, каб. 431 тел.: 8(777) 791 8958

Өтетін уақыты: 28 қаңтар 2015 ж., сағ. 11.00-13.00