Біз көрмеге таңданып, шабыттанып қайттық....

15.11.2014

Көрулер: 923

Әрине, әртүрлі жағдайлармен көрмеге келе алмаған студенттер де болды. Алайда, көрмеге келіп, автордың туындыларымен танысқан соң, біз оның қазіргі уақытты батыл суреттеудегі эксперименттік, өзіндік жеке даралық ойларына таң қалып, рақаттандық. Иә... қазіргі өмір шындығын суреттеудегі зерттеушінің ойлы көзқарасы керемет. Кейбір суреттердің бүгінгі күн талабына сәйкес салынғанын да байқауға болады. Дегенмен, ойлануға, ой елегінен өткізуге әкелетін « шығармашылық асылдар» да сол көрмеден табылады. Қай суретті қарасаң да, ойланып толғанасың.

Біз көрмеден сезімге толы күш-қуат алып шықтық және оның туындыларын ұялы телефондарымызға «көрнекі құрал» ретінде түсіріп алдық.

Шебердің философиялық ойға толы көркем туындыларын міндетті түрде үйірме отырыстарының бірінде талдауға келістік.

«Өмірдің мәнін шашыраңқы ойлардан іздеу» атты бір ғана суретті тамашалай отырып, күнделікті өмірді басқаша қабылдайсың!

ФжСФ Жалпы және этникалық педагогика

кафедрасының профессоры С.М. Пузикова