«ЖАҺАНДАНУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ҚЫТАЙ: СЫРТҚЫ САЯСАТЫ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАСЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

28.11.2014

Көрулер: 4004

Конференцияға Абай атындағы ҚазҰПУ Әлеуметтік тарих кафедрасының меңгерушісі, ҚР ҰҒА кореспондент-мүшесі, т.ғ.д., профессор Қойгелдиев М.Қ.; Атақты қытайтанушы-ғалым, т.ғ.д., профессор Хафизова К.Ш.; Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультеті, қалықаралық қатынастар және әлем экономикасы кафедрасының профессоры, германдық зерттеулер институтының директоры, т.ғ.д., профессор Губайдулина М.Ш.; Инновациялық экономика институның директоры, э. ғ. д., профессор Спанов М.; Шохан Уалиханов атындағы тарих және этнография институтының ғылыми қызметкері, т.ғ.к. Әлімғазы Дәулетхан; тарих факультетінің деканы т.ғ.д., профессор Жумадилов А.К.; шығыстану факультетінің деканы ф.ғ.д., профессор Жұбатова Б.Н.; «Қазіргі заманғы Қытайды зерттеу орталығы» директоры, қытайтану кафедрасының меңгерушісі т.ғ.д., профессор Мұқаметханұлы Н.; факультет магистранттары, докторанттары, студенттері қатысты.

Конференцияда маңызды және өзекті қытайтану мәселелері талқыланды, қорытынды баяндамалар баспада жарық көреді.