«Қытай тілі сабағында құзыретті-бағдарлы технологияларды қолдану жолдары» ғылыми-тәжірибелік семинар

27.11.2014

Көрулер: 3501

2014 жылдың 26 қараша күні сағат 15:00-де Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, Көптілді білім беруді дамыту орталығы Қытай тілі бөлімінің ұйымдастыруымен «Қытай тілі сабағында құзыретті-бағдарлы технологияларды қолдану жолдары» тақырыбындағы ғылыми-тәжірибелік семинар өтті.

Тәжірибелік семинарда Әл-фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультетінің оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент, қытайтанушы, қытай және қазақ тілін салғастыра зерттеу және қытайтану бағытындағы 100-ден аса еңбектің авторы Дәулетова Фатимабибі Ноғайқызының іс-тәжірибесі ұсынылды.

Семинардың мақсаты қытай тілі мамандарының кәсіби шеберлігін арттыру, тәжірибе алмасу болды.

Ғылыми-тәжрибелік семинарға Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің басшылары, Қазақ филологиясы және әлем тілдері факультетінің деканы, кафедра меңгерушілері; Әл-фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультетінің ұстаздары, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Шығыс филологиясы кафедрасы мен Қытай тілі орталығының оқытушылары, Абылайхан атындағы Әлем тілдері және халықаралық қатынастар университетінің қытай филологиясы және аударма кафедрасының мұғалімдері, Қазақ-қытай тіл академиясы колледжінің басшылары және қытайтанушы мамандар, оқытушылар, докторанттар, магистранттар, студенттер қатысты.