Елбасының «Нұрлы жол» жолдауы № 14 Студенттер үйінде талқыланды

21.11.2014

Көрулер: 3154

2014 жылы 20 қарашада № 14 Студенттер үйінде университеттің «Айналаңды нұрландыр!» әлеуметтік-инновациялық жобасы аясында ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауын талқылауға және Тұңғыш Президент күні қарсаңында жатақхананың 406-бөлмесінде арабтану және ирантану кафедрасы парсы тобының 2,3,4 курс студенттері арасында кеш өтті. Кеш барысында студенттер еліміздің жеткен жетістіктері мен Президент жолдауына қатысты пікір алмасты.

Сонымен қатар, келе жатқан сессияға дайындық, емтихан барысымен танысу, студенттердің күнделікті өмір тынысымен танысып, пайдалы кеңестермен бөлісті.

Кеш соңында студентер шай ішіп, Иран елі туралы қызықты мәліметтермен бөлісті.

Аталмыш іс-шара арабтану және ирантану кафедрасының эдвайзер-кураторлары Е.Қ. Қасабекованың және А.Ж. Боранбаеваның ұйымдастыруымен өтті.