Санжар Керімбаймен «Дәстүрлі тәрбие – өмірге деген құштарлық» деген тақырыпта кездесу

22.11.2014

Көрулер: 3907

2014 жылдың 21 қараша күні қытайтану кафедрасы мен арабтану және ирантану кафедрасының ұйымдастыруымен жастар арасындағы суицидтің алдын алу мақсатында, «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында «Әлдиден эпосқа дейін» және «Салт-дәстүр сөйлейді» кітаптарының авторы Санжар Керімбаймен «Дәстүрлі тәрбие – өмірге деген құштарлық» деген тақырыпта кездесу өтті. Кездесуге факультеттің оқытушы-профессорлары, докторанттар, магистранттар және студенттер қатысты.
Санжар өмірлік тәжірибесінен қарапайым мысалдар келтіре отырып, бүкіл өмірін "өмірдің мәні не?" деген сұраққа жауап іздеуге арнаған атақты психолог Виктор Франклдің өмірі мен оның ұсынған ілімі - логотерапия жайлы әңгіме өрбітті. Бүгінгі ақпараттық-технологиялар заманының адам баласына әкелген түрлі әлеуметтік стрестерінен торығулар мен күйзелістерге ұшыраған жастарға мұндай жағдайдан шығудың жолы ұлттық-дәстүрлі тәрбиеде жатқанын нақты мысалдармен айтып берді. Кездесуге қатысқандар риза болып тарқасты.