ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

18.11.2009

Көрулер: 1894

ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

ҚХР-дің құрылғанына 60 жыл толуына орай өткізілетін

Қытай тілінен көркем өнер сайысы

Қытай мәдениетіне, көркем өнеріне қызығушылықты арттыру мақсатында, студенттерді жан жақтылыққа баулу мақсатында, қытай тілін оқитын студенттер арасында таланттарды табу мақсатында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультеті қытайтану кафедрасы және Тілдерді дамыту бөлімі қарашаның 27-де Алматы қаласындағы жоғары оқу орындары арасында ҚХР-дің құрылғанына 60 жыл толуына арналған қытай тілінен көркем өнер сайысын өткізеді.

Сайыс ән айту, би билеу, бейнелеу өнері, көрініс қоюды қамтиды.

Сайысқа қытай тілін оқитын барлық қытайтанушы студенттер қатыса алады.