«Толеранттылық қазақстандық қоғамның жаңару аясындағы әлеуметтік, мәдениаралық және діни коммуникацияның негізі ретінде»

14.11.2014

Көрулер: 2560

«Толеранттылық және ынтымақтастық қазақстандық қоғамды модернизациялау аясындағы мәдениаралық коммуникация негізі ретінде», «Исламдағы толеранттылық дәстүрі» және «Қазақстандық қоғамда рухани құндылықтардың модернизациялануы» атты іргелі ғылыми-зерттеу жобаларының аясында

Республикалық ғылыми-теоритикалық конференция, Алматы, Қазақстан, 19 қараша 2014 жыл

Құрметті әріптестер!

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, философия және саясаттану факультеті, дінтану және мәдениеттану кафедрасы 2014 жылдың 19 қарашасында «Толеранттылық қазақстандық қоғамның жаңару аясындағы әлеуметтік, мәдениаралық және діни коммуникацияның негізі ретінде»

КОНФЕРЕНЦИЯ ЖОБАСЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ:

  1. Толеранттылықтың әлеуметтік, мәдениаралық және этникалық коммуникацияның прициптерімен жағдайлары
  2. Діни салада толеранттылықтың дамуы
  3. Заманауи қазақстандық қоғамда рухани-адамгершілік құндылықтары және толеранттылық
  4. Толеранттылықтың әлеуметтанудағы өлшемі
  5. Саясаттанудағы толеранттылық факторлары

Конференцияға қатысу үшін 2014 жылдың 10 қарашасына дейін өтінім хаттарынызбен мақалаларыңызды жіберуге болады. Өтінімдеріңізді келесі формада жіберуге болады:

  1. Аты-жөніңіз
  2. Жұмыс орны ( ұйымның, кафедраның толық атауы)
  3. Қызметі
  4. Ғылыми немесе академиялық атағы
  5. Ғылыми дәрежесі
  6. Байланыс телефоны, e-mail
  7. Секция
  8. Тақырыбының атауы

Мақалалар қазақ, орыс, ағышылын тілдерінде қабылданады. Конференция материалдарын жинақ ретінде шығару жоспарлануда. Ұйымдастырылу ақысы – 3000 теңге (үш мың теңге). Баяндамаларды рәсімдеуге арналған талаптар: Көлемі 7 комьютерлік бет, шрифт Times New Roman, кегль 14. Сол жағы – 3 см, жоғары және төменгісі -2 см, оң жағы 1,5 см интервал біркелкі. Әдебиеттер тізімі мәтіннің соңында беріледі. Қолданылатын әдебиетте сілтеме квадратты жақшада көрсетіледі.

Өтінімдерді қабылдау мекен-жайы: Қазақстан республикасы, Алматы қ., 050012, Масанчи көшесі 39/47 (Бөгенбай көшесінің қиылысы). Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, философия және саясаттану кафедрасы, дінтану және мәдениеттану кафедрасы, 403 кабинет. Байланыс телефондар: (8-727)2 92 57 17 қосалқы номер 2125. E-mail: kairat_1966@list.ru, zuchra-50@mail.ru.