«Білім және мәдениет атты» бағдарламасына берген сұхбаты таспаға жазылды
Көрулер: 2866
2014ж қараша айының 12 жұлдызында қытайтану кафедрасының профессоры Н.А. Алдабектің «Білім және мәдениет атты» бағдарламасына берген сұхбаты таспаға жазылды. Бұл құбылыстың себебі – Қытай басшылығының мемлекеттегі әлеуметтік-экономикалық бағыттағы ұстанып отқан арнайы саясатының нәтижесі деп білемін, деді ғалым. Лекцияның негізгі мазмұны Шығыста, атап айтқанда Қытай елінде жаңа өркениеттік сілкініс концепциясының тууы болды.
Марксистік-конфуциандық модельді ұстанған бұл бағыт жаңа заман талаптарына толық сай болуға және заманауи технологияларды қолдану мен арқылы өзге елдердің тәжрибесін пайдалана отырып алға баспақ.
Қытайтану кафедрасының оқушылары ғалымды мұқият тыңдап өздерін мазалаған сұрақтарын қойып отырды.
«Білім және мәдениет» телеарнасында жарық көрген бұл бейне баян, шығыстану факультеті жайлы жақсы пікір қалыптастыратындығы сөзсіз деп білеміз, сондай-ақ бұл бағдарлама талапкерлер үшін кәсіби-бағдарлық мағлұмат болатындығына сенімдіміз.