Зерттеу университеті құзыретті тұлғасын қалыптастырудағы мемлекеттік және шет тілдердің рөлі

10.11.2014

Көрулер: 2283

Құрметті әріптестер!

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, халықаралық қатынастар факультетінің дипломатиялық аударма кафедрасы 2014 жылдың 27-28 қарашасында «Зерттеу университеті құзыретті тұлғасын қалыптастырудағы мемлекеттік және шет тілдердің рөлі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.

Конференция барысында маманның тілдік дайындығына, инновациялық тәсілдер және шет тілін меңгерумен тығыз байланысты кәсіби іс-әрекет жөніндегі кең ауқымды мәселелер қарастырылады.

Конференция жұмысының негізгі бағыттары:

1. Зерттеу университеті түлегінің құзыреттілігін қалыптастыру: үрдістер және инновациялар.

2. Мемлекеттік және шет тілдерін оқыту әдістері мен лингводидактиканың қазіргі мәселелері.

3. Арнаулы және академиялық мақсаттағы шет тілі.

4. Саяси дискурстың лингвистикалық талдауы.

5. Қазақ және өзге тілдерді салыстырмалы түрде оқыту: лингвистикалық және әдістемелік аспектілер.

6. Аударма – мәдениетаралық өзара түсіністік құралы, оқу мен оқыту пәні. 7. Өзге тілде білім берудің коммуникативтік мәселелері.

8. Халықаралық қатынастар мамандарын тілдік дайындаудағы жаңа технологиялар.

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ(дұрыс нұсқасы)3.docx