Қазақстан Қытай арасындағы сауда-экономикалық мәселелерге арналған конференция өтеді

20.10.2014

Көрулер: 2640

2014 жылдың 24 қазанында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультеті «Жібек Жолындағы (Қазақстан-Қытай) сауда-экономикалық ынтымақтастық: құқықтық аспектілері» тақырыбында халықаралық форум өткізеді.

Форумның жұмысына қазақстандық және шетелдік ұйымдардың «Yong Jia Xin» Қытай заң компаниясының, ҚХР-ның Қазақстан Республикасындағы елшілігі өкілінің, Қазақстан Республикасының нарығында жұмыс істейтін ірі қытай компаниялары өкілдерінің (мұнай және сервис компаниялары, банктер, әуекомпаниялар және т.б.), Қазақстан Республикасының жетекші заң фирмалары, ірі туристік компаниялар, Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының өкілдері, жетекші ғалым-заңгерлер, экономистер, қоғамдық бірлестіктер өкілдері қатысады.

Форумның мақсаты – Қазақстан мен Қытай арасында Жібек Жолындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытудың өзекті проблемаларын, ҚХР азаматтарының ҚР аумағында болуының, олардың кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруының, шетелдік жұмыс күшін пайдаланудың практикалық мәселелерін, салық салу мен экономикалық ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын, туризм, мәдениет және білім беру мәселелерін талқылау.

Форум аясында визалық рәсімдеудің, шетелдіктердің ҚР аумағында болуының құқықтық аспектілері, шетелдік жұмысшыларға қатысты еңбек заңнамасының мәселелері, шетелдіктердің қатысуымен заңды тұлға ашу, оны қайта тіркеу мәселелері, заңды тұлғаларға – резидент еместер тұлғаларға салық салу ерекшеліктері, кеден мәселелері, неке-отбасы, Қазақстан Республикасының экономикасын дамытудың басым бағыттары және инвестициялау мәселелері талқыланады.

Ұйымдастырушылық комитет және байланыс телефондары:

Қазақстан тарапынан – Ибраева Алуа Саламатқызы, з.ғ.д., профессор

байл. тел.: +7701555 64 66, ibraeva_tgp@mail.ru

Қытай тарапынан – Ушурова София Рамазановна, з.ғ.к.

байл. тел.: +7701111 18 68, +86 15191915082,

e-mail: lulu-kz@mail.ru, zvezdakz@yandex.ru