Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының өкілдерімен кездесу

25.09.2014

Көрулер: 3754

Тіл мерекесі» қарсаңына орай, шығыстану факультетінің, арабтану және ирантану кафедрасы, «Қазақ тілі» атты халықаралық ұйымның Алматы қаласындағы филиалының басшысы, академик Өмірзақ Айтбайұлы Айтбаевпен, сондай-ақ аталмыш ұйымның төрағасы Кұсман Кәрімұлы Шалабаев және осы ұйымның жауапты хатшысы Нұрлан Асқарұлымен кездесу ұйымдастырды.

1989 жылдың қыркүйек айында Қазақ ССР-де «Тілдер туралы заң» қабылданған болатын. Ол заңға сәйкес қазақ тіліне мемлекетттік тіл мәртебесі, ал орыс тілі ұлтаралық тіл ретінде қабылданды. Бұл заң қазақ тілінің қолдану шеңберін одар әрі ұлғайта түсірген еді, алайда академик Өмірзақ Айтбаевтың айтуы бойынша, әлі күнге дейін ана тілімізге қатысты мемлекетімізде шешілмей тұрған кейбір мәселелер бар екенін алға тартты.

Кездесу барысында, қазіргі таңдағы қазақ тілінің өзекті мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, қазақ тілінің кирилл жазуынан латын әріптеріне көшу мәселесі сөз болды. Сонымен қатар, қазақ тілін жастар арасында насихаттау және ана тілімізді отандастарымыз үшін білудің маңызы зор екені тілге тиек етілді.

Аталмыш іс-шара, қатысушылардың белсенділігімен ерекшеленіп, пайдалы ой-пікірлер алмасу арқылы жүзеге асты.