«Дінтану және мәдениеттану» кафедрасының 2013-2014 оқу жылындағы жаңалықтары:

20.09.2014

Көрулер: 1670

  • Биылғы жылы ҚазҰУ –нің философия және саясаттану факультетінде дінтану және мәдениеттану кафедрасы «Дінтану» (ҒЗИ) ғылыми зерттеу институтымен біріге жаңа жобаларға қатысуда және оқу бағдарламасын біріге жасап, магистранттар дайындайды.

  • Кафедрамызға кезекті жылы тағы да визитинг профессорлар келмек. PhD докторанттар мен магистранттарға дәріс оқу үшін 2014 жылдың 29 қыркүйек 15 қазан аралығында шақырылып отыр. Олар: Эйла Марита Элизабет Тарасти, Эеро Тарасти, Ернст Гюнтер Арнолд Шлее.
  • Эйла Марита Элизабет Тарасти бүгінгі таңда Халықаралық Семиотикалық зерттеулер институтының ғылыми қызметкері, Хельсинки университетінде дәріс оқиды. Европада, АҚШта және Оңтүстік Америкада концертмейстер және пианист, музыкатанушы ретінде танымал. Эйла Марита Элизабет Тарасти семиотика, мәдениеттегі семиотика, музыка өнеріндегі семиотикалық талдау салаларымен айналысады. Біздің университетімізде дінтану және мәдениеттану кафедрасы мәдениеттегі семиотика саласында іргелі зерттеулер жүргізіп келеді.
  • Эеро Тарасти халықаралық семиотикалық зерттеулер институтының директоры, халықаралық семиотикалық зерттеулер ассоциациясының президенті, Хельсинки университетінің профессоры. Экзистенциалдық семиотиканың негізін салушы. Сонымен қатар семиотика жайында, музыка теориясы мен тарихы, эстетика мен этика, миф және музыка жайында жазылған 400 ғылыми мақаланың авторы.
  • Ернст Гюнтер Арнолд Шлее
  • Визитинг профессорларды шақырудағы мақсат PhD докторлар мен магистранттарды дайындауда диссертациялық зерттеулер тақырыптарына көмегін тигізеді және ҚазҰУ-да PhD докторлар мен магистранттарды дайындауда әдістемелік жетілдіруге профессор-оқытушылар құрамын студенттер, магистранттар, докторанттарға академиялық мобилділікті арттыруға тәжірибе алмасуға факультеттің ғылыми өмірін өркендету үшін біріге халықаралық ғылыми жобалар бағдарламасын дайындап жетілдіруге керек.

  • «Дінтану және мәдениеттану» кафедрасына 2013-2014 оқу жылында PhD доктарантура бөліміне түскен доктаранттар тізімі:

6D 020600 - «Дінтану» мамандығы бойынша:

  • Утебаева Динара
  • Туғанбаев Қайсар
  • Тастанкулов Еркін
  • Кабиденова Жулдыз

6D020400- «Мәдениеттану» мамандығы бойынша

  • Муканова Зарина
  • Тургенбаева Айжан
  • Танабаева