Метин Өзарсланның қатысуымен ғылыми семинар өтті

19.09.2014

Көрулер: 2017

Шығыстану факультеті қытайтану кафедрасының ұйымдастыруымен Хаджеттепе университетінің профессоры, фольклортанушы Метин Өзарсланмен (Түркия, Анкара қаласы) «Түркі мифологиясының Түркияда зерттелуі» атты тақырыпта ғылыми семинар өтті.

Семинар барысында Түркиядағы мифологияның зерттелуіне қатысты қандай еңбектер, қандай зерттеу әдістерін қолдануда, қандай басты қорытынды көзқарастар бар, қандай мәселелер бар екендігі жан-жақты талқыланды. Семинарға факультет ұстаздары, докторанттар мен магистранттар қатысты.