«75 жылдықта 75 теңгемен түскі ас» атты акция

05.11.2009

Көрулер: 1434

10.11.2009 ж. «Сұңқар» Студенттер кәсіподағы

Еліміздің белді білім шаңырағы Әл -Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетнің тарихына 75 жыл толса, 1999 жылдан бастап заңды мекемеге айналған «СҰҢҚАР» Студенттер әлеуметтік кәсіп одағына 10 жыл толып өз жұмысын бүгінгі күнде атқарып келеді. Кәсіподақтың негізгі басты мақсаты, ҚР-ның заңына сәйкес әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің студенттерінің әлеуметтік- экономикалық және құқықтық мүдделерін қорғау, мүшелерінің еңбек құқығы мен денсаулығын қорғау болып табылады. Сонымен қатар еліміздің белсенді болашағын тәрбиелеуде түрлі мерекелік іс -шаралар, маңызды тақырыптарда дөңгелек үстелдер ұйымдастырады.

ҚазҰУ-дың белсенді студенттері 75-жылдық мерейтоға байланысты біршама мерекелік іс-шаралар атқарып келеді, атап айтсақ 1 курс студенттерінің білім ордасына келіп, дәстүрлі түрде өтіп тұратын «Бақшасарай» салтанат үйінде өткен «Студент қатарына қабылдау», сонымен қатар әрбір өнерпаз жастардың өнерлерін көрсететін «Студенттік фестиваль» кештері және т.б.

ҚР-ның Тұңғыш Президенті 75 жылдық тарихы бар Университетімізде өзінің лекциясын оқып беруде сұңқарлықтар өз белсенділігін танытып отырды. Белсенділігі талмаған «Сұңқар» студенттер кәсіподағының белсенді мүшелері ҚазҰУ-дың 75-жылдық мерейтойына тарту ретінде ұйымдастырылып отырған «75 жылдықта 75 теңгемен түскі ас» атты әлеуметтік акциясы Тамақтандыру комбинатында 75 % шегеріліммен және 75 тг-ге тамақтану болып табылады.

Құрметті Студенттер!

Сіздерді қазан айының 10-шы жұлдызында сағат ҚазҰУ қалашығының тамақтандыру комбинатында өтетін «75 жылдықта 75 теңгемен түскі ас» атты өтетін акцияға қатысуға шақырамыз. Аталмыш іс-шараның әлеуметтік маңыздылығын ескере отырып белсенді қатысуларыңызды сұраймын.

Жауапты хатшы:

А.М. Қарақожаева.

Жұм.тел.: 3773343 1358

Ұялы тел.:87022444014