Бас жүлдені Айбол Исламғалиев иеленді

18.09.2014

Көрулер: 1881

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері жыр мүшәйрасының жеңімпазы атанды. Қыздар университетінің 70 жылдығына байланысты арнайы ұйымдастырылған «Атыңнан айналайын, Қазақ қызы» атты жыр мүшәйрасының қорытындысы шығарылды.


Бас жүлдені (500 мың теңге) «Асыл Аян» бүркеншік есімімен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 4-курс студенті Айбол Исламғалиев қанжығасына байлады. Және университетіміздің студенті Манас Қайыртайұлы үшінші орын (50 мың теңге) иеленді.