«Ядросыз әлемге Қазақстанның жолы» атты дөңгелек үстел өтеді

15.09.2014

Көрулер: 3063

2014 жылдың 26 қыркүйегінде сағат 10:00-де «Полигон 29-тамыз» атты Халықаралық қоғамдық қайырылымдылық қоры, БҰҰ Экономикалық және Қоғамдық кеңесінде тіркелген консультациялық мәртебесі бар, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің халықаралық қатынастар факультетінің көмегімен, Қазақстан Республикасының БҰҰ қоғамдық ақпарат өкілеттігі Департаментінің қолдауымен, Алматы қ. ҚР СІМ өкілеттігі, Азиядағы Өзара Ықпалдастық және Сенім Шаралары жөніндегі Кеңес (АӨЫСШ) бөліміндегі Хатшылығы, 2012ж. 29-тамызда Астана қаласында қабылданған «Атом» бағдарламасының шегінде «Ядросыз әлемге Қазақстанның жолы» атты тақырыпқа дөңгелек үстел ұйымдастырады.

Дөңгелек үстел Семей полигонының жабылуы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Қаулысының 23 жылдығы, сонымен қатар Халықаралық ядролық қаруды толықтай жою күресу күніне орайластырған.

Дөңгелек үстел барысында ядролық қарусыздану саласындағы бастамаларды көтерудегі қазақстандық тәжірибе, ядролық қаруды таратпау саласындағы жетекші халықаралық құрылымдармен және мемлекеттермен серіктестіктің кейбір аспектілері сияқты мәселелер, сондай-ақ жаппай қырып жою қаруларына (ЖҚЖҚ) тыйым салу және таратпау режимдерін нығайтудың болашағы мен қазіргі кездегі мәселелері талқыланатын болады.

Дөңгелек үстел аясында «29-тамыз Полигоны» Фонды атынан Жаһандық тұрақтылықтың концепциясы бағдарламасы ұсынылатын болады (ядролық қарудан тыс аймақтар құру, стратегиялық ядролық күштерді қысқартудың жолдары, атом электрстанцияларының (АЭС) болашағы, сонымен қатар «Ядросыз әлем үшін» деректі фильмнің көрсетілімі ұйымдастырылады. Фильмде 1938 жылдан басталған ядролық қарудың пайда болу тарихы баяндалады, қырғи қабақ соғысы барысындағы екі ұлы державаның өзара текетіресінің өрбуі, СИЯП-тың жабылуы және ядросыз әлем үшін күрестегі Қазақстанның рөлі баяндалады.

Дөңгелек үстел жұмысына қатысу үшін дипломатиялық корпустың, ҚР аккредиттелген халықаралық ұйымдардың өкілдері, СИЯП-тағы сынақтардың тікелей қатысушылары, академиялық қауымдастықтың және үкіметтік емес ұйымдардың, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.

Дөңгелек үстелдің өткізілетін орны: Алматы қ., Карасай батыр көш., 95, әл-Фараби атындағы КазҰУ-нің халықаралық қатынастар факультеті, Ғалымдар Кеңесінің Мәжіліс Залы.

Байланыс акпараттары: Нұрлан Бозтаев, 8 705 208 64 16,

Лейла Деловарова, 8701 365 88 08.