Лидерлік лекция

02.09.2014

Көрулер: 1396

Нұржан Бейсенбайұлы 1 курс студенттерін Қазақ Ұлттық Университетіне оқуға түсулерімен құттықтай отырып, жалпы Қазақстандағы, оның ішінде Алматы қаласындағы діни ахуал жайлы нақты статистикалық ақпарат беріп өтті. Сонымен қатар «Мәңгілік ел» идеясының мағынасын ашып, оған жету жолдарын егжей-тегжей түсіндіріп берді. Студенттер лекцияны зор ықыласпен тыңдап, соңында өздерін толғандырған сұрақтарын қойды. Жалпы лидерлік лекция пікірталасты, қызықты өтті. Лекция соңында кафедра меңгерушісі филос.ғ.д., профессор Айнұр Дүрбелеңқызы Құрманалиева сөз алып, Нұржан Бейсенбайұлына факультет атынан алғысын білдірді.