ҚазҰУ-да Ханъянг университетінің профессорлары дәріс оқиды

05.09.2014

Көрулер: 1797

8-9 қыркүйек аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың корейтану және жапонтану кафедрасында “Global e-School” жобасының аясында Ханъянг университетінің (Корея республикасы) профессорлары – Хан Хон Юль (Han Hong Yul), Ли Хи Вон ( Lee Hee Wjn), Им Ён Сун (Yim Yong Soon) арнайы дәріс оқиды.


2013 жылдан бері әл-Фараби атындағы ҚазҰУ корейтану және жапонтану кафедрасы Ханян университетімен (Корея Республикасы) бірігіп «Корей» қорының қаржылай қолдауымен “Global e-School” онлайн оқыту жобасын жүзеге асырып келеді. 2013 жылдың наурыз айынан бастап осы уақыт аралығында Ханян университеті, Кореяның шет елдік зерттеулер университеті (HUFS), Йонсей университеті сияқты жетекші корей университеттерінің профессорлары корей және ағылшын тілдерінде бес курсты оқыды: «Business Korean», «Korean Art and Philosophy» «Korean Language and Korean Culture» «K-culture: Modern Korean Cultural Contents», «Korea Economic Development». Шығыстану және халықаралық қатынастар факультетінің шамамен 40 студенті атталған курс шеңберінде оқудан өтіп, тиісті сертификаттар алды.

Global Class – бұл онлайн видео-дәрістерін, видео-конференциялар мен семинарлар өткізу үшін арнайы жабдықталған аудитория. Онлайн арқылы оқып білім алу – қазіргі заманауи білім ағартудағы басты тренд. Оның артықшылығы ретінде тиімді білім алудың жоғарылығын, дәстүрлі күндізгі оқытуда жұмсалатын қаржыны, оқуға кететін шығындарды азайту, өзара білім алмасуды жақсарту сынды мүмкіндіктерін айтуға болады.

Корейтану және жапонтану кафедрасы