«Ғылым ордасында» магистратура және PhD докторантураның салтанатты ашылуы өтеді

05.09.2014

Көрулер: 2536

2014 жылдың 8 қыркүйегінде сағ 10.00-де «Ғылым ордасы» ғимаратында (Құрманғазы көшесі, 29, 2-қабат) ҚР БҒМ Ғылым комитетінің ҒЗИ мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ арасындағы ғылыми кадрларды бірлесіп дайындау жобасы аясында магистратура және PhD докторантураның салтанатты ашылуы өтеді.


Ауқымды жоба ҚазҰУ мен 10 ҒЗИ арасындағы 2014 жылы 23 шілдеде қол қойылған, жаңа оқу жылынан бастап 100 магистрант пен 50 докторант дауындауды қарастыратын ғылым мен білімнің бірігуі жөніндегі Бас келісім негізінде жүзеге асуда.

Шараға ҚР БҒМ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ басшылығы, ҚР көрнекті қоғам қайраткерлері, ғалымдар, магистранттар мен PhD докторанттар қатысады.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі