Бос жұмыс орындары

16.07.2014

Көрулер: 2873

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Халықаралық ынтымақтастық департаменті Халықаралық ғылым және білім беру қызметін стратегиялық дамыту бөлімінде «Аудармашы» және «Жетекші маман» лауазымдары бойынша бос орындар ашылғандығын хабарлайды.

Үміткерге қойылатын талаптар:

Магистр дипломы немесе 2 курс магистранты;

Ағылшын тілін жетік меңгеру (қосымша шет тілдерін білгені абзал);

Орыс және қазақ тілдерін жоғары дәрежеде меңгеру;

Ауызша және жазбаша аударма саласында жұмыс өтілі (тәжірибесі болу);

Жеке қасиеттері: эмоциялық сабырлылық, байланысқа бейімділік, мақсаттылық, жауаптылық және тез үйренуге бейімділік.

Үміткер қызметке университет басшылығының шешімімен ректордың сынақ тапсырмасын табысты орындаған жағдайда қабылданады.

zholdybekova.bazargul@kaznu.kz

+7 727 377 34 46 Анар Жолдыбекова,

Халықаралық ғылым және білім беру қызметін стратегиялық

дамыту бөлімі басшысының міндетін атқарушы