ҚазҰУ ЖОО арасындағы рейтингте үздік деп танылды

10.07.2014

Көрулер: 2285

8 шілдеде Алматы қаласы әкімдігінің аппараты Жастар саясаты мәселелері басқармасы және «Elite» рекрутингтік компаниясы бірлесе Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарының рейтингісі бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 1-ші орынға ие болды.


Рейтинг жұмыс берушілердің түлектердің компетенцияларын бағалау және мансап орталықтарының қызметі негізінде жасалды. Жүргізілген зерттеуге қарай HR мамандар және компаниялардың жетекшілері соңғы 3 жылда оларға жұмысқа орналасқан және қазір де жұмыс істейтін жоғары оқу орындарының түлектеріне баға берді. Рейтингті құрастыруда қала экономикасының барлық салалары қамтылып, 425 компаниялар сұраудан өтті.

Зерттеу барысында айрықша бәсекеге қабілетті жас мамандарды даярлайтын жоғары оқу орындары тек алынатын білім деңгейінің сапасына ғана емес, сонымен бірге студенттер бойында жігерлілік, коммуникативтік дағдылар, қиын жғадайларға бейімделуге икемділігін арттыру жолдарын іздестіру жолдарына көңіл бөлінген.

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың

Мансап және бизнес орталығы