ҚазҰУ-да молекулалық онкология бойынша жаздық мектеп өтеді

17.06.2014

Көрулер: 2938

ҚазҰУ-да PhD дайындау бағдарламасын жүзеге асыру аясында 16.06.2014 ж. - 27.06.2014 ж. ICGEB молекулалық онкология бойынша жаздық мектеп өтеді.

Лектор: профессор Икбал Паркер (M.I. Parker), гендік инженерия және биотехнология Халықаралық орталығы (ICGEB) мен Кейптаун Университетінің профессоры (Кейптаун, Оңтүстік Африка).

Лекциялар әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің биология және биотехнология факультетінің молекулалық биология және генетика кафедрасының 327 аудиториясында өтеді.

Оқытушылар, PhD-докторанттар, магистранттар, студенттер және барлық келем деушілер шақырылады.