Эдвайзерлермен жыл сайын өткізілетін кездесу

04.11.2009

Көрулер: 3209

2009 жылдың 2 қарашасында Биология факультетінің Үлкен акт залында ректордың эдвайзерлермен жыл сайын кездесуі өтті. Кездесу барысында университет ректоры Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұлов өткен оқу жылынын жұмыстарының нәтижесін келтіріп және ағымдағы жылдың мәселелерін белгіледі. Оқу жұмысы жөніндегі проректор Орынханов Мұрат Қадесұлы «Эдвайзерлер жұмысының нәтижелері мен келешегі» атты баяндама жасады. Сонымен қатар, білім беру сапасы, университеттегі Интранет жүйесінің функцияларын кеңейту, пәндердің таңдамалылығы, кафедралардың стратегиялық жұмысы жөнінде баяндамалар жасалды.