Семинарда оқу үрдісі талқыланды

19.03.2014

Көрулер: 2101

Халықаралық қатынастар факультетінде «Университеттің академиялық саясаты контекстіндегі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың оқу үрдісінің әдістемесі» атты тақырыпта әдістемелік семинар өтті.

Әдістемелік семинарға халықаралық қатынастар факультетінің оқытушылары, магистранттары мен докторанттары қатысты. Семинар барысында халықаралық құқық кафедрасының доценті Г. Машимбаева Болон үрдісінің несие технологиялары аясындағы оқу үрдісінің әдістемелік ерекшеліктерін түсіндіріп, академиялық мобильділік, ЖОО-ның дербестігінің күрделі мәселелері талқылануына атсалысты. Барлық тыңдаушылар семинардың жұмысына белсене қатысты, соның ішінде, қосдипломдық білім мәселесі де қарастырылды.

Халықаралық қатынастар факультеті