Студенттердің ғылыми қызығушылығын арттыру басты назарда

19.03.2014

Көрулер: 2184

18 наурызда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 80 жылдығына орай жалпы тіл білімі және шетел тілі кафедрасы «Professionals» ғылыми клубының ұйымдастыруымен «Инновация – білім жүйесінде» атты тақырыпта ғылыми дөңгелек үстел өткізді.


Студенттер маңызды тақырыпта өздерінің презентацияларын жасап, қызықты додаға қатысты. 3 курс студенті Тюлюбаева Айша Астана қаласында өткен халықаралық студенттер конференциясында “Creation of blogs in help of foreign language teaching” тақырыпта қатысып, жүлделі орын иеленді. Клуб жетекшілері мен кафедра оқытушылары және 1-3 курс студенттері дөңгелек үстел аясында пікір алмасып, алдағы уақытта көп ізденіс керектігін, жастар жаңа жобаларды қолға алатындарын айтты.