Аударматану мәселелері қозғалды

18.03.2014

Көрулер: 1750

2014 жыл 14 наурызда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың аударма теориясы және әдіснамасы кафедрасының ұйымдастыруымен «Аударматану және әдеби компаративистиканың өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті.

Конференция аударма теориясы және әдіснамасы кафедрасының меңгерушісі, профессор Ә.Тарақовтың кіріспе сөзімен ашылды. Конференцияда аударматанудың әдіснамалық мәселелері, аударма және мәтінтану, көркем аударма және әдеби компаративистиканың өзекті мәселелері бойынша баяндамалар жасалды. Конференцияға филология ғылымдарының докторы, Шығыстану институтының бас ғылыми қызметкері Н.Ж.Сағындықова, Стамбұл Мәдениеті университеті, Ғылым және әдебиет факультетінің деканы, түрік тілі және әдебиеті кафедрасының профессоры, PhD докторы (Түркия, Стамбұл) Омур Жейлан, проза аудармашысы, ПЕН-клубтың мүшесі Ү. Тәжікенова, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың профессоры А.Жұмабекова және т.б. қатысты. Конференцияда қазақ аударматануы, әдеби байланыстар төңірегінде өзекті мәселелер талқыланды.