Аманғали Жартыбаев самбо күресінен чемпион атанды

18.03.2014

Көрулер: 2678

2014 ж. 13-16 наурыз аралығында Талдықорған қаласында самбо күресінен ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтті.


Осы Чемпионатта біздің әл-Фараби атындағы ҚазҰУ- нен 7 студент қатысты. Соның ішінен Дене шынықтыру және спорт кафедрасының 2 курс магистранты Аманғали Жартыбаев 1 орынды иеленіп, Чемпион атағына ие болды.

Бұл жарыс келешекте болатын Азия мен Әлем Чемпионатына, әлем жарыстарына іріктеу болды.

Аманғали Жартыбаев жоғарыда аталған жарыстарға дайындық жасап, қатысады.

Аманғалидың алдағы жарыстарда жетістікке жетуіне тілектеспіз!

Спорт клуб, дене шынықтыру және спорт кафедрасы