«Дене тәрбиесі және спорт» пәнінің тиімділігін арттырудағы денсаулық сақтау технологиялары» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік республикалық семинар өткізіледі

17.03.2014

Көрулер: 2405

2014 жылдың 19-20 наурыз аралығында (сағ: 11.00) дене шынықтыру және спорт кафедрасы «ЖОО «Дене тәрбиесі және спорт» пәнінің тиімділігін арттырудағы денсаулық сақтау технологиялары» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік республикалық семинар өткізіледі.


Семинар бағдарламасында жоғары оқу орнының студенттері үшін волейболдан ғылыми-теориялық негізінде сабақ беру, негізгі оқу бөлімінің студенттерімен практикалық сабақта волейболдың техникалық элементін оқыту әдістері қарастырылады.

Семинарға Қазақстан Республикасының және таяу шетелдердің жоғары оқу орындарының, колледж оқытушы-профессорлар құрамы және талқыланатын мәселеге қызығушылық білдірген барлық мамандар шақырылады.

Өткізілетін жері: әл-Фараби даңғылы 71, ҚазҰУ қалашығы, спорт кешені, дене шынықтыру және спорт кафедрасы.

Байланыс телефондары: 377-34-87; 8778 620 7872 (Раушан Пірәлиқызы Зәуірбекова).

тапсырыс формасы.docx