«Ақпараттық жүйелер» кафедрасының ашық есік күні

25.10.2013

Көрулер: 903

№8 жатақханадағы «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының ашық есік күні

«Ақпараттық жүйелер» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы 2013 жылы 25 қазанда №8 жатақханада кафедраның ашық есік күнін өткізді. Кездесу барысында 1-курс студенттеріне кафедраның профессор-оқытушылар құрамы таныстырылды және кафедраның үйірмелері жайлы ақпарат берілді. Қызығушылық танытқан студенттер үйірмелерге жазылды. Сонымен қатар студенттердің қойған барлық сұрақтарына кафедраның профессор-оқытушы құрамы толықтай жауап берді. Кеш өте жоғары деңгейде өтті.

Студенттерге кафедра жайында келесідей ақпарат берілді.

Жоспары:

1) кафедраның тарихы;

2) АЖ мамандығының бөлінуі;

3) профессорлар-оқытушылар құрамымен таныстыру;

4) ар-намыс кодексімен таныстыру;

5) жатақханада тұру ережесімен таныстыру;

6) үйірмелер туралы ақпарат беру