Самбодан "Әлем Кубогында" ҚазҰУ магистранты жүлделі орынға ие болды

31.01.2014

Көрулер: 2190

2014 жылдың 25-26 қаңтарында Алматы қаласында самбодан 17 мемлекеттен спортшылар қатысқан «Әлем кубогы» өтті.

Осы жарыста ұлттық команданың ішінде 3 студент қатысты және олардың көрсеткіштері:

Биология және биотехнология факультетінің «ДШ және спорт» мамандығының 2 курс магистранты Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 2013 ж. қарулы күштер арасында әлем чемпионы Жұмақанов Елдос, 68 дейінгі салмақта 3 қарсыласын жеңіп 3-ші орынға ие болды (жаттықтырушы Жартыбаев А.С.).

Ресей командалық есепте 1 орынға ие болды (5-5-7), екінші орынға Қазақстан (4-2-3), үшінші орын Беларуссия командасында (3-0-4).