Студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы өтеді

28.01.2014

Көрулер: 2414

31 қаңтарда 2014 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының аясындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы студенттік клуб және қылмыстылықпен күрес ғылыми зерттеу орталығы бірлесіп, «Жаһандану жағдайында сыбайлас жемқорлықпен қарсылықтану мәселелері» тақырыбында сырттай студенттердің және жас ғалымдардың халықаралық конференциясын өткізеді.

Талқылауға келесі тақырыптар ұсынылады:

  1. Сыбайлас жемқорлықпен күресудің теориялық және тәжірибелік мәселелері.
  2. Сыбайлас жемқорлықтың қазіргі жай-күйі.
  3. Сыбайлас жемқорлықпен күресудің қазіргі әдістері.

Конференцияға қатысу үшін 30 қаңтарға дейін lilek1989@mail.ru мекенжайына өтініштеріңізді жіберуінізді сұраймыз. Жариялауға мақалалар 2014 жылының 10 ақпанға дейін қабылданады.