Химия және химиялық технология факультетінің студенттері үздік деп танылды

27.01.2014

Көрулер: 1522

2014 жылдың 24-25 қаңтар аралығында ҚР Білім және ғылым министрлігінің Химия-технологиялық және кәсіптік білім, өнер және қызмет көрсету мамандықтарының Республикалық оқу-әдістемелік кеңесі өтті.

Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің мамандықтары бойынша диплом жобаларының (жұмыс) және шығармашылық жұмыстарының байқауында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың химия және химиялық технология факультетінің органикалық заттар, табиғи қосылыстар мен полимерлер химиясы мен технологиясы кафедрасының студенттері Сәттібаева А.А. (ғылыми жетекшісі: проф., х.ғ.д. Турмуханова М.Ж.) және Жасарат Д. (ғылыми жетекшісі: доц., х.ғ.к. Халменова З.Б.) дипломдық жұмыстары I дәрежелі, ал Лекерова А. (ғылыми жетекшісі: доц., х.ғ.к. Үркімбаева П.И.) III дәрежелі дипломмен марапатталды. Кафедрада студенттермен жасалынып жатқан жұмыстар республикалық деңгейде жоғары сапада екені тағы бір дәлелденді.