Жас журналистер жолдауды талқылады

27.01.2014

Көрулер: 1753

Журналистика факультетінде қаңтардың 24-і күні Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының ұйымдастыруымен Ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың биылғы «Қазақстан жолы -2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауына арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Шараға куратор-эдвайзерлер А.Әсел, Б.Әсембаева, М.Абдрайымов, Ә. Әлімжанова т.б қатысты.


Алдымен «Президенттің уақыт және өзі жайлы толғаныстары» туралы декекті фильм көрсетілді. 1-курс студенттері Ахметов Мади «Қазақстан-2050» стратегиясы және мемлекеттің жаңа саяси бағыты», Қыдырханова Ақжарқын «Жолдау: маңызды мәселелер мен мүмкіндіктер» атты баяндамалары тыңдалып, студенттер өздерінің ойларын, жоладауды жүзеге асырудағы нақты ұсыныстарын айтты.

Жолдауда ерекше көңіл бөлінген мәселелер экономикалық интеграцияны дамыту мен әлеуметтік, медициналық қызметтердің бағыттары бойынша жас журналистер ізденіп, зерттеулер жүргізді. Сонымен қатар жаңа қазақстандық патриотизм идеясы мен қазақ тілі мен тілдердің үштұғырлық, ұлттық интеллигенциясының рөлі, ХХІ ғасырдағы Қазақстандағы дін мәселесі де тақырып аясында сөз болды.

Қорыта айтқанда, жолдау – жастардың басты бағытын айқындайтын стратегиялық құжат. Жастардың санасына серпіліс беретін жолдаудағы бағыттарды бір мақсат, бір мүдде арқылы бірлікпен жүзеге асуына әрқайсымыз үлес қоса алсақ, болашағымыз жарқын, еліміз еңселі, тіліміз тұғырлы, берекеміз баянды болары сөзсіз.

Журналистика факультеті