Жұмыс берушілер мен студенттер кездесуі өтті

24.01.2014

Көрулер: 1676

Бүгін география және табиғатты пайдалану факультетінде, рекреациялық география және туризм кафедрасының ұйымдастыруымен туристік кәсіпорын өкілдері мен туризм мамандығының студенттері арасында кездесу өтті.


Туризм нарығында 15 жыл бойы сәтті жұмыс атқарып жүрген «Bell company» туроператорлық мекемесі студенттерді өздерінің жұмыс істеу ерекшелігімен таныстырып, студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға толық жауап берді. Кездесу нәтижесінде 3 ай көлемінде кафедраның 25 студенті аталған мекемеде тәжірибеден өтіп, өзін таныта білген студенттерге, сол мекемеде ары қарай жұмыс жасау мүмкіндігі жайында келісім-шарт жасалынатын болды.

Аға куратор эдвайзер Ш. Абдрееваның айтуынша, мұндай әріптестік студенттердің кәсіби салада тәжірибе жинақтауға, өзінің мамандығы бойынша алға ілгерілеуге үлкен мүмкіндік болып табылады.

Рекреациялық география және туризм кафедрасы