Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық каталогқа енді

24.12.2013

Көрулер: 2458

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 2013 жылы UNWTO.TedQual Certified: Higher Tourism Education Programmes каталогына енді. Каталогта білім беру бағдарламасы туристік білім беру сапасын сертификаттаудан өткен әлемнің 36 мемлекетінің 59 жоғарғы оқу орны туралы ақпараттар берілген.

Олардың қатарында University of Queensland, Австралия (QS нұсқасы бойынша топ-университеттер рейтингісінде 43 позициясында), Chinese University of Hong Kong – 39, University of Leeds, Ұлыбритания – 97, Hong Kong Polytechnic University – 161, George Washington University, АҚШ және басқалар. Бұрынғы кеңесодақтық елдер арасында Қазақстаннан басқа Ресей (РМАТ, Мәскеу) және Латвия (Turiba University, Рига) ғана аталған тізімге енген.

http://www.unwto-themis.org/pdf/UNWTO_TEDQUAL_certified_higher.pdf