Әзілхан Нұршайықов шығармашылығына арналған іс-шара ұйымдастырылды

19.12.2013

Көрулер: 4809

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ЖОО дейінгі білім беру факультетінде «100 кітап» жобасы аясында ҚР Халық жазушысы Ә. Нұршайықовтың 90 жылдығына және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 80 жылдығына арналған шаралар өтті.

11 желтоқсанда ЖОО дейінгі білім беру факультеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы ҚР Халық жазушысы Ә. Нұршайықовтың шығармашылығы бойынша үздік көркем эссе байқауын өткізді. Байқауға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың тыңдармандары, колледждің және бейіндік мектептің оқушылары, сондай-ақ ҚазМемҚызПУ-дың студенттері қатысты.

13 желтоқсанда «Халық жазушысы Ә. Нұршайықовтың шығармашылық әлемі және ұлттық тәрбие» атты дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге Абай атындағы ҚазҰПУ, Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ, ҚазМемҚызПУ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ЖОО дейінгі білім беру факультетінің, колледждің және бейіндік мектептің оқытушылары, студенттері мен оқушылары қатысып, көрнекті қаламгердің еңбектері туралы ой-толғаныстарымен бөлісті. Дөңгелек үстел мен байқауға қатысушылардың бәріне сертификат пен Әз ағаның кітаптары сыйға тартылды.

Қаламгердің отбасы бастамасымен ЖОО дейінгі білім беру факультетінің Ғылыми кеңесі «ҚР Халық жазушысы Ә. Нұршайықов атындағы жыл сайын берілетін стипендия» тағайындады. Бұл стипендиялар 18 желтоқсанда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми кеңесінде салтанатты түрде тапсырылды.

Байқау жеңімпаздары диплом мен 1,2 және 3 дәрежелі стипендияларға ие болды. Шығармашылық байқаудың жеңімпаздары:

1. Жақи Есімхан – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ЖОО дейінгі білім беру факультетінің тыңдарманы;

2. Әділбек Арман – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ЖОО дейінгі білім беру факультетінің тыңдарманы;

3. Шамшадинова Бақыт – ҚазМемҚызПУ студенті.

Жүлделі орындардан тыс байқауға қатысқан 5 сайыскерге ынталандыру ретінде Әзілхан Нұршайықовтың үш томдық «Өмір өрнектері», екі томдық «Естеліктері» және «Махаббат, қызық мол жылдар» кітаптары сыйға тартылды. Олардың қатарында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ЖОО дейінгі білім беру факультетінің студенттері Майтай Бауыржан, Нұрсерік Ақжол, Жалғасбек Ақмарал және бейіндік мектеп оқушылары Тұрарова Әйгерім мен Нұрділда Аружан бар.

Байқау жеңімпаздары жазған эсселер http://www.nurshaihov.kz. сайтында жарияланатын болады.