"Қазақпарат" ұлттық ақпарат агенттігі

18.12.2013

Көрулер: 2507

15 Желтоқсан 2013, 11:05
ҚазҰУ-да ҚР Тәуелсіздік күніне орай салтанатты шара өтті
1/3
АСТАНА. 15 желтоқсан. ҚазАқпарат - Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да мемлекеттік мереке - ҚР Тәуелсіздік күніне орай салтанатты шара өтті.

Бұл туралы ҚазҰУ-дың баспасөз қызметінен хабарлады.

Мерекелік кешті ҚазҰУ ректоры, академик Ғ.Мұтанов ашты. «Еліміздің тәуелсіздік күні - мемлекетіміздің жаңа тарихындағы атаулы күндерінің бірі. Қазақстан жиырма екі жыл ішінде әлемдік қауымдастықта өз орнын белгілеп алды. Президент айқындаған еліміздің әлеуметтік-экономикалық және сыртқы саяси даму моделі өз тиімділігін көрсетті. Бүгін Тәуелсіз Қазақстан әлемдік жаһанданудың ажырамас бөлшегі және әлемнің бәсекеге қабілетті 50 ел қатарына кіреді. ҚазҰУ-дың да халықаралық деңгейдегі жетістігі Тәуелсіз еліміздің мерейінің үстем болумен байланысты», - деп атап өтті Ғ. Мұтанов.

Іс-шара аясында «Парасат» қызметкерлер кәсіподағының ұйымдастыруымен өткен «Ең үздік маман» университеттік байқауының қорытындысы да белгілі болды.

ҚазҰУ-дың 120 жұмысшылары бағалы сыйлықтармен және алғыс хаттармен марапатталды.

Мерекелік кештің соңы арнайы ҚазҰУ ұжымы үшін концерттік бағдарламаға ұласып, «Ал либитум» камералық ансамблінің «Көзімнің қарасы», «Қызыл бидай», «Ақ сиса», «Регтайм», «Цыганский барон», «На прекрасном голубом Дунае» әндері орындалды.