Доңгук университетінің профессоры Ik Ki Kim дәріс оқыды

10.12.2013

Көрулер: 2487

Шығыстану факультетінде «Жаңа ұрпақ» деген Син сиде үйірмесінің жұмыс барысында (үйірменің ғылыми жетекшісі т.ғ.к. Ем Н.Б.) «The rise and fall of the Korean wave» (Корей толқының самғауы мен құлау) атты арнайы дәріс өтті.

Дәрісті Доңгук университетінің профессоры Ik Ki Kim (Professor of Dongguk University, Seoul, Korea) жүргізді. Дәріске Оңтүстік Корея мен Жапонияның атақты профессорлары Wonho Jang, Professor of the University of Seoul, Tokyo, Japan Keebom Nahm, Professor of the University of Seoul, Seoul, Korea қатысты.

Ik Ki Kim студенттерге берген мәлімдемесінде «Ірі жетістік құпиясы» тақырыбына тоқталып өтті, сонымен қатар, қазіргі жастардың мақсатына қол жеткізудегі талпынысы туралы айтып өтті. Ik Ki Kim өзінің өткір әзілдерімен және пайдалы ақыл-кеңестерімен тыңдаушылардың назарын толық өзіне аудара білді. Дәрісханада тыңдаушыларды қызықтырған көптеген сұрақтар қойылды, басым белсенділік танытқан, Оңтүстік Кореяда тәжірибеден өтіп келген, жоғары курс студенттері болды.

«Корей толқыны» термині – Корея Республикасындағы ерекше танымал мәдени-көпшілік контентін білдіреді, атап айтқанда музыка, телехикая және кинофильмдер. Сонымен қатар «Халлю» деп аталған, Корей Республикасындағы жаңа танылып келе жатқан әртіс және әншілердің танымалдылығын білдіру мақсатында алғашқы рет 90 жылдары Қытай бұқаралық ақпарат құралдарында қолданылған. «Күзгі ертегі», «Қысқы соната», «Сарай Маржаны», «Сарай» және «Жігіттің сабаздары» сияқты телехикаялар қалады, сонымен қатар, бүкіл Азия және оның шегінен тысқары жерлердің телеэкрандарына шығу арқылы Корей толқынының негізін қалады. Корей толқыны Қазақстанда да қанатын жайды, алғашқы телехикаялар, ол «Ханзада Жумоң» және «Жігіттің сабаздары».