«Әбу Насыр әл-Фараби мұрасы және қазіргі заман» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтеді

10.12.2013

Көрулер: 2683

12-13 желтоқсанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 80 жылдық мерейтойына орай «Әбу Насыр әл-Фараби мұрасы және қазіргі заман» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтеді.

Ұйымдастырушылыр: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Шығыстану факультеті, Арабтану орталығы, Ирантану орталығы, Әл-Фараби орталығы.

Конференция мақсаты - қазақ халқының мәдени мұра тарихының маңызды үрдісінің ғана емес, сондай-ақ әлемдік аумақтағы мәдени диалог пен коммуникацияның ең көрнекті көрсеткіші болып табылатын әл-Фараби шығармашылығын рухани-интеллектуальды мұра тұрғысында зәрулігін арттыру, айқындау және қайта қарау; Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған ойшыл, данышпан бабамыздың ғылыми мұраларының зерттелуін саралау, оның әлем ғылымы мен өркениетіне тигізген ықпалын анықтау.

Конференция жұмысы келесі секциялар бойынша өткізіледі:

Әл-Фараби және заманауи философиялық мәселелер.

Әл-Фарабидің әлемдік өркениетке ықпалы: тарих және қазіргі заман.

Әл-Фараби мұрасын зерттеудегі тіл, әдебиет және аудармашылық іс-әрекет.

Конференцияға Қазақстан ғалымдарымен қатар Араб елдерінің, Түркия, Германия, Нидерланды, Иран, Өзбекстан, Қырғызстан және т.б. шет елдерінің ғалымдары қатысады.

Өтетін жері: Қарасай батыр көшесі, 95,

Халықаралық қатынастар факультетінің корпусы, Ғылыми кеңес залы.

Сағаты: 10:00