Журналистика факультетінде Ашық есік күні өтті

10.12.2013

Көрулер: 2259

ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғаммен байланыс кафедрасының білім беруші ұстаздар талапкерлерді тартуда белсенді жұмыс жасап жатыр. 2013-2014 оқу жылындағы маңызды міндеттердің бірі – кафедра студенттерінің контингентін қалыптастыру.

Журналистика факультетінде екінші рет ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғаммен байланыс кафедрасының ашық есік күндері өткізілді. Оған № 147, 115, 51, 157, 3, 17, 67 мектептерден 60 оқушы қатысып, әл-Фараби олимпиадасы, кафедра ұйымдастырған «Өзіңе өзің режиссерсің» және мектеп оқушыларының үздік шығармалары байқаулары туралы ақпарат алды. Сондай-ақ, оқушылар мен мектеп мұғалімдеріне кафедраның креативті баспа өнімдері, оқытушылардың кітаптары және сыйлықтар берілді. Іс-шараның ұйымдастырылып, өткізілуіне «Қоғаммен байланыс» мамандығының 1, 2, 3, 4 курс студенттері атсалысты.

ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және

қоғаммен байланыс кафедрасы